Жарияланған күні: 05.06.2023 11:09
Өзгертілген күні: 05.06.2023 17:13

Ақмола облысында мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті.

Шараға облыстың құрметті тұрғындарды, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және облыс жастары қатысты. 
Мемлекеттік әнұранды жанды дауыста шырқаумен басталған патриоттық акция, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтау сөзімен жалғасты.
Әкім тарих қатпарында жатқан халықтың тәуелсіздік туралы сан ғасырлық арманының бейнесі ретінде ел рәміздерінің маңызы жайлы айтып, мемлекет үшін құндылығын түсіндірді. "31 жыл бұрын біздің еліміз мемлекеттік рәміздерді қабылдады және бұл күн жас егемен мемлекеттің маңызды оқиғаларының біріне айналды. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, және Мемлекеттік Әнұран - бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттары, онда Отанға қызмет етудің жоғары мұраттары, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрлерін құрметтеу жатыр", - деді Ермек Маржықпаев.

Облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев патриоттық акцияны өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияда  «Жыл патриоттары» сыйлығының 20  номинатын марапаттады. Ақмолалық батырлар, еріктілер,  халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары сый-сыяпатқа бөленіп, мадақталды.

Шара облыстық мәдениет мекемелерімен дайындаған концерттік нөмірлермен жалғасты.