Жарияланған күні: 14.08.2020 20:25
Өзгертілген күні: 14.08.2020 20:26

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының  құрылған күні қарсаныңда мекеме ардагерлеріне сыйлықтар табыс етті.

Соңымен қатар Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесін дамытудағы елеулі үлесі, қызметкерлерге үлгі-өнеге, ақыл-кеңес бергені үшін және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының  құрылған күнін мерекелеу құрметіне орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының  ардагерлері Сайлау Қабдошұлы Саутов және Айдар Қайруллаұлы Есполов марапатталды. Құттықтаймыз! Мерекелеріңізбен!