Жарияланған күні: 19.08.2016 14:44
Өзгертілген күні: 22.08.2016 12:35

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қазақстан Республикасының кеден, салық органдарының құрылғанына 25 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 2 жыл толуы қарсаңында салтанатты жиын өтті.

 Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының міңдетін атқарушысы Бауыржан Шәйкенов ашты.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысындағы басты бағыттарының бірі ол - жоспар көрсеткіштерін орындау және мемлекеттік бюджет түсімдерін көбейту. Кеден және салық түсімдерінен түсетін табыс азаматтардың алдындағы әлеуметтік борыштары орындалады.

    2016 жылғы 7 айдың  қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджеттің жоспары 113,6 % орындалды, нақты 58,3 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 132%  көп, немесе  14,1 млрд. теңгеге арта түсті

Республика бойынша біздің өңірде кедендік әкімшілендіру бойынша үздіктер қатарыңа  шығып кедендік ресімдеудің  орташа уақыты үздік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, экономикалық тергеу қызметінің қылмыстық істер бойынша шығынның орнын толтыруы 1 млрд 383   млн.теңге құрады.

Департаментінің үздік қызметкерлері мемлекеттік кірістерді жинау бойынша жоғарғы көрсеткіштері, тиімді кедендік және салықтық әкімшілендіру, экономикалық және қаржылық саладағы қылмыстарды анықтағаны және жолын кескені үшін Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің медальдарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.