
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы Берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Маржан Шәпиеваны 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
1993 жылдан бастап Маржан Қызыләскерқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда. Ол жұмысын Жарқайын ауданы бойынша Салық комитетінің маманы лауазымынан бастады.
2003 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша Салық комитетіне ауыстырылды.
Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Әріптесімізге зор денсаулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.





























