Жарияланған күні: 02.09.2024 16:47
Өзгертілген күні: 02.09.2024 16:56

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы

мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бөлім басшысын Ақмарал Мейірманова 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

30 жылдан астам Ақмарал Төлегенқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.

Ол өз жұмысын Державин ауданы бойынша салық инспекциясының инспекторы болып бастады.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен және  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хатымен марапатталған.

Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.

Құрметпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы