Жарияланған күні: 16.09.2024 18:13
Өзгертілген күні: 17.09.2024 10:20

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы

Камералдық мониторинг басқармасының басшысын Күләш Ысқақованы 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

16 жылдан астам Күләш Кенжебекқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.

Ол өз жұмысын Щучье ауданы бойынша салық Комитетінің аудит бөлімінің басшысы болып бастады.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамоталарымен және  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хатымен марапатталған.
 «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.

 

Құрметпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы