Жарияланған күні: 29.05.2025 11:30
Өзгертілген күні: 29.05.2025 11:31

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы

мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Ирина Колько 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ирина Юрьевна салық органдарында өз қызметін 1994 жылы Көкшетау қаласы бойынша салық инспекциясының инспекторы болып бастады.

Салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісімен және Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.