Жарияланған күні: 24.05.2018 17:23
Өзгертілген күні: 24.05.2018 17:24

Қасиетті Рамазан айы - мейірімділіктің, бірлік пен асылдықтың айы.

 Ол баршамызды мейірімділік мен мейірбандыққа шақырады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  және ардагерлері тамаша дәстүр енгізілуде.

Зейнеткерлер 20, 30 және тіпті 40 жыл бойы ұжымда жұмыс істеп, зейнетке шыққан сон  әдеттегі қарым-қатынастан тыс қалып, өзінді ыңғайсыз сезінеді.

Осыған байланысты бұрынғы әріптестер оларды ұмытпай үйлеріне  барып үнемі түрде қатысуда.

Таяуда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері  Қазақстан РТ РК Ақмола облыстық  «Kokshe»  телеарнасының журналистермен бірлесе отырып салық жүйесінің ардагері Геннадий Васильевич  Ждановқа барып шықты.

Геннадий Васильевич зейнетке шығу алдында  ұзақ мерзім бойы облыстық салық қызметі жұмысында жұмыс атқарған.

Қазіргі уақытта ол көзі нашар көретіндіктен бірінші топтағы мүгедек болып қалды.

Бұрынғы әріптестер  сыйлық ретінде  оған сақал қыратын электр ұстарас, шаш қиюға арналған электр машинасы және басқа да пайдалы заттар әкелді.

Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев өз сөзінде осындай акциялар жалғыз емес, Мемлекеттік кірістер органдарыныңда тұрақты негізде жасалынатындығы  туралы атап өтті.

Ардагер және оның әйелі Светлана Максимовна қонақтарға көрестілген мейірімділігі үшін өздерінің алғысын  білдірді.

Ескере отыра жақында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан РТ РК Ақмола облыстық  «Kokshe»  телеарнасының  «Асар» телевизиялық қайырымдылық жобасын қолдады.  Оның мақсаты - немқұрайлы емес телекөрермендердің аймақтағы мұқтаж адамдарға көмектесу. 

Оның арқасында өмірлік қиын жағдайларға тап болған отандастарымызға  қолдау  көрсетілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды және қызықты жобаларға қатысу адамдарды біріктіреді деп сеніміз мол.

Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын!