
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыстың мемлекеттік органдары арасында «Мейірімділік – жүректен» атты ізгі істер эстафетасына қатысуда.
Акция шеңберінде Көкшетау қаласында және Ақмола облысының барлық аумақтарында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, мұқтаж адамдарына және басқа да халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетуде.
Қолдау үйлердің шатырларын және аумақтарын қардан тазалау, отын жару, көмір тасу, азық-түлік жиынтығының тарату, көп балалы отбасыларға ойыншықтар мен кеңсе керек-жарақтарын сыйлау түрінде көрсетіледі.
Шара барысында қырықтан астам мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілді.
«Еріктілерге үлкен рахмет - дейді Көкшетау қаласының зейнеткері Раиса Дмитриевна Петрова - олардың көмегінсіз мен биылғы көп түскен қардан шатырды және ауланы тазартып алмас едім, және көктемде үйді міндетті түрде су басып қалар еді».
«Ұлы Абайдың сөздері бізге мәңгі мұра. Абайдың даналық сөздері «Атаңның баласы болма адамның баласы бол». «Бес асыл іс - талап, терең ой, қанағат, рақым, еңбек» бізді адамгершілікке , мейірімділікке үйретеді. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету жасай отырып, әлем мейірімді және қайырымды болады деп сеніміміз» - дейді аудит бөлімінің басшысы Төлеубек Бекмағанбетов.
Бұл эстафетаны Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолдаймыз.