Жарияланған күні: 18.10.2019 11:55
Өзгертілген күні: 18.10.2019 12:03

Өңірде медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге дайындық жоғары.

 Облыс орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты брифинг өтті.

Басқосуда жауапты мамандар реформаның артықшылығы мен тиімділігіне тоқталды.

Облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна жинау жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің бүгінгі күні аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы  7,4 млрд теңгені құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу – еліміздің қарапайым азаматтарын әлеуметтік қорғау ісіндегі тағы бір маңызды қадам,-дейді мамандар.

Аталған жүйе жинақтаушы жүйе емес, және қаражатты дербестендіре бөлу қарастырылмаған.  Ортақ қаржыландыру  - бұл ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және негізгі әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдар.

Жарналардың өсуіне қарамастан аймағымызда өзінің қызметкерлер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін төлемеген салық төлеушілер бар – дейді өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92 бабына сәйкес «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бірінші  рет болғанда ескерту, ал қайта кайталған кезде айыппұл көзделген. 

Салықтөлеушінің жарналары берешекті бар кезінде оның банк шоттарындағы кез келген ақшалай операциялар берешекті өтеу уақытына дейін тоқтатылады.

Бүгінгі таңда шамамен 7 мыңнан астам адам бірыңғай жиынтық төлем жасап үлгерген. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының 98 пайызы медициналық ұйымға тіркеліп, қазірдің өзінде электрондық денсаулық паспорттары бар. Айта кетейік, міндетті медициналық сақтандыру қоры 1 желтоқсаннан бастап тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 1406 нөмірі бойынша call-орталықты іске қоспақ. Бастысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу арқылы науқас жандар қымбат бағадағы жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізбек.