Жарияланған күні: 24.10.2023 19:27
Өзгертілген күні: 24.10.2023 23:08
Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ашық сабақ өтті.
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Дулат Қыдырменов еліміздің егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері, мемлекеттік рәміздер және басқа да атрибуттар туралы айтып берді.
Шара барысында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Ақмола оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қарсабева Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбекте жаңа жетістіктер тіледі.

Мереке құтты болсын!