
Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы markirovka.kz сілтемесі бойынша тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу жеткілікті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.
«2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Тауарлар номенклатурасын жаңартуғақосымша шығындарды болдырмау үшінwww.ismet.kz сайтында онлайн-БКМ тауарларноменклатурасын өз бетінше қосу бойыншанұсқаулықтар орналастырылған. Тауарларноменклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды. 2Д сканердіңқұны 25 мың теңгеден бастап 100 мың теңгегедейін», - деп айтты Ж.Іңкәрбаев.
2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасынпайдалануға болады.
Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелердіталқылау үшін «Markirovka Qoldau» тelegram-чаты белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Тауарларды таңбалау жөніндегібірыңғай оператор «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқытубағдарламасын іске қосты.
Тауарларды таңбалау мәселелері бойыншатәулік бойы 8 800 080 6565 тегін «шұғыл» желіжұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастапМемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғайоператормен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайыоқыту бағдарламасын іске қосты.