
Заңдық маңызы бар, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін бюджетке алынатын төлем мемлекеттік баж болып табылады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес 616-бап; 617,618,620, 622.
Соттарда мемлекеттік баж төлеуден:
- талапкерлер - мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала - барлық істер мен құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында мемлекеттік баж төлеуден жеке тұлғалар - мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедек баланың ата-аналарының бірі босатылады.
Нотариаттық ic-әрекеттер жасау кезінде:
- мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде:
- мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-аналарының бірі, мүгедектігі бар бала, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - туу туралы қайталама куәліктерді тіркегені және бергені үшін;
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
- мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-аналарының бірі, мүгедектігі бар бала, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады, атап айтқанда:
1) қылмыстық істе азаматтық талап қою кезінде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостиль қоюға келіп түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;
3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер беру кезінде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы жүгінген азаматтар;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:
5) жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруді қоспағанда, автомобильге, автомобильге тіркемеге, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру кезінде:
- мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала.