Жарияланған күні: 01.06.2016 14:36
Өзгертілген күні: 01.06.2016 14:39

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңдірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Гүлнар Балабаева «Хабар» және «24 KZ» телеарналарына мүлік пен ақшаны жария ету туралы сұхбат берді.

2015 жылдың желтоқсанынан бастап жария ету рәсімін оңайлататын заңнаманың және жария ету субъектлеріне кұкықты қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қосымша кепілдік берілетін жаңа заңнамалық ережелер күшіне енді.

Жария ету субъектлеріне, банк шоттарына ақшаны салумен, сондай-ақ оларды салмай-ақ ақшаны жария ету тәсілін таңдауға мүмкіндік берілген.

Енді Қазақстанның аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыруды жүзеге асыру үшін жария ету декларацияны тұратын жері бойынша тапсыру жеткілікті.

Жергілікті жерлердегі әкімдік жанынан құрылған комиссияға азаматтар тек ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінсе болады.

Заңдастыру шараларының аяқталуы жалпыға бірдей декларациялау процесімен ұштастыру үшін рақымшылық мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысы айтқандай аталған акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлемдегі шетел шоттары бойынша барлық ақпарат қайта тексерілетін болады.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер құпия болып табыладыда үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды. Жария етумен байланысты кез келген ақпаратты жариялағаны үшін, заң бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Жария ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады, жария етілген мүлік тәркіленбейді.

Ағымдағы жылдын 30 мамырындағы жағдайы бойынша комиссиямен жергілікті атқарушы органдары арқылы 9 млрд. 662 млн. теңгені құрайтын 2453  объектісі жария етілді.

    Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік кірістер органдарына  61 млн. 23 мың. теңге көлемінде ақшалай қаражаттарын жария ету үшін 7 арнайы декларациясы    табыс етілді.