Жарияланған күні: 03.11.2021 18:20
Өзгертілген күні: 03.11.2021 18:32

  Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталғанын еске салады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органымен Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы мерзімінде мүлік салығын төлемеген жеке тұлғаларға push-хабарлама жіберу жоспарлануда.

Сондай-ақ, салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қамтамасыз ету жүктелген.

Бұл ретте, 2021 жылғы 1 қазанға дейін мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама орындалмаған және берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдарымен берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрықтарды қалыптастырып, аталған бұйрықтар мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілетін болады.