Жарияланған күні: 09.09.2019 10:02
Өзгертілген күні: 09.09.2019 10:07

 

Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салықтық тексеру барысында Алматы–Екатеринбург тас жолына жақын орналасқан Арайлы ауылында жанармай құю станциясында ілеспе жүкқұжаттарсыз мөлшері 2 мың 294 литр жалпы сомасы 396 мың 862 теңге АИ -95 маркасы бензин сақтау фактісі анықталды.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 б. т.5 тт.2 бойынша сәйкес мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын алынған бұзушылық жасау нәтижесінде, немесе онсыз мұнай өнімдері тәркілене отырып.
Аталған факті бойынша әкімшілік материал түзіліп және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 
Анықталған мұнай өнімдері жауапты сақтауға қойылды.