Жарияланған күні: 19.11.2020 15:42
Өзгертілген күні: 19.11.2020 17:43

«Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» науқаны азаматтық белсенділікті арттыруға, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономика мөлшерін азайту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға  бағытталған.

Ақмола облысы Целиноград ауданында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен кездейсоқ сандар генераторының бағдарламасы арқылы акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны өткізілді.

Жүлделер ұтысының жеңімпаздары-Диана Джикиа (11 жас) және Айдос Сати (12 жас) оларға ұялы телефондар табыс етілді.

«Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз, ал барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз» – дейді «Атамекен» ӨКП Целиноград филиалының директоры Ерұлан Төлешов.

Іс-шараның демеушісі «Агрофирма Ақтық» акционерлік қоғамы болды.

«Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» жобасы «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Бір қатысушы тіркейтін чектердің саны шектелмейді. «Wipon» мобильді қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеп алуға болады.

Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі 1 миллион теңге ұтыс ойынына қатысады, оның ұтыс ойыны 4 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында өтеді

        Фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.