Жарияланған күні: 02.07.2020 12:05
Өзгертілген күні: 02.07.2020 12:08

Оңалту рәсімі - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес "Оңалту және банкроттық туралы" 07 наурыз 2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен, 50-бапта, қарастырылған, Оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап:

1) борышкер дара кәсіпкерге, мүліктің меншік иесіне, құрылтайшыға (қатысушыға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткізуге тыйым салынады.;

2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын Азаматтарға төлемдерді қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерді, Мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың), борышкер органдарының немесе органдарының оның мүлкіне қатысты шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.;

2-1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатыла тұрады;

3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары, үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындауы жөніндегі талаптарды, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда кепіл нысанасынан өндіріп алуды қоспағанда, Заңда көзделген оңалту рәсімдері шегінде ғана қойылуы мүмкін.;

4) кредиторлардың, Мемлекеттік кіріс органының және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары бойынша борышкердің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкінен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.;

5) борышкердің акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерін иеліктен шығаруға тыйым салынады.

Бұдан әрі 68-бап көзделген, соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар туындайды:

1) жай коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасауға тыйым салынады;

2) алынған қарыздар мен шығарылған облигациялар бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады;

3) оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін төлеу мерзімі басталған моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескерместен, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын Азаматтарға төлемдерді қоспағанда, соттардың қабылдаған шешімдерін, төрелік шешімдерді, Мемлекеттік кіріс органдарының, сондай - ақ борышкер дара кәсіпкердің, мүліктің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), борышкер заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) оның мүлкіне қатысты шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.

2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:

1) борышкерді басқаруды Заңның 69-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға жүзеге асырады.;

2) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады.;

3) борышкердің өтініші және оңалту жоспарын бекіту туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесі негізінде борышкердің мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына инкассалық өкімдер, мүлікке тыйым салу және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алынады.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңына (Салық кодексі) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар:

сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап:

есептелмейді-өсімақы;

мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (салық берешегін: 1) банк шоттарындағы ақша есебінен; 2) дебиторлардың шоттарынан; 3) билік етуі шектелген мүлікті сату есебінен; 4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде өндіріп алу шаралары) жойылуға жатады.

оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап:

116 - баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері күшін жоюға жатады. (2. банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; 3. салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; 4. салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу)

Өсімақы есептеу келесі жағдайларда қайта басталады:

туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап.