Жарияланған күні: 23.11.2016 12:32
Өзгертілген күні: 23.11.2016 15:44

    Кокшетауда аймақтық Орталық коммуникация қызметінде  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сонымен қатар қала әкімдігінің қызметкерлері және Ұлттық Банк филиалының директоры Бектұрған Бозтериев қатысуымен мүлік пен ақшаны жария ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті алдын алу туралы брифинг өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова мүлік пен ақшаны жария ету туралы баяндама жасады.

2015 жылдың желтоқсанынан бастап жария ету рәсімін оңайлататын заңнаманың және жария ету субъектлеріне кұкықты қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қосымша кепілдік берілетін жаңа заңнамалық ережелер күшіне енді.

Жария ету субъектлеріне, банк шоттарына ақшаны салумен, сондай-ақ оларды салмай-ақ ақшаны жария ету тәсілін таңдауға мүмкіндік берілген.

Енді Қазақстанның аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыруды жүзеге асыру үшін жария ету декларацияны тұратын жері бойынша тапсыру жеткілікті.

Жергілікті жерлердегі әкімдік жанынан құрылған комиссияға азаматтар тек ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінсе болады.

Заңдастыру шараларының аяқталуы жалпыға бірдей декларациялау процесімен ұштастыру үшін рақымшылық мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысы айтқандай аталған акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлемдегі шетел шоттары бойынша барлық ақпарат қайта тексерілетін болады.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер құпия болып табыладыда үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды. Жария етумен байланысты кез келген ақпаратты жариялағаны үшін, заң бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Жария ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады, жария етілген мүлік тәркіленбейді.

Ағымдағы жылдын 18 карашадағы жағдайы бойынша облыстық мемлекеттік кірістер органдарына  569 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражаттарын жария ету үшін 23 арнайы декларациясы  табыс етілді.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекші маманы – тергеуші Әсет Таниев сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шараларын атап өтті.

     Әрдайым түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңнамасын түсіндіру жүргізіліп отырады. Баяндамашы,  Департамент өз қатардағы сыбайлас жемқорлықты тазарту үшін аумақтық сыбайлас жемқорлық қызметімен тығыз байланыстағы жұмыстарын жүргізетініне аса зейін қойды.

Мауысым айында Ақмола облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюросының Департаменті мен және Ақмола облысының ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе өткізген жедел іздестіру жұмыстары барысында отырып ҚР ҚК 366 б. 2 т. бойынша Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А. Баранов салық кодексінің бұзушылықтары фактісі бойынша әкімшілік жазалар қолданбау үшін жеке кәсіпкерден (13 мың.138 теңге соммаға азық-түлік тауарлар түрінде)  пара алу кезінде ұсталды. Бұланды ауданы сот шешімі бойынша оған 13 мың.138 теңге соммаға мүлікті тәркіленіп 788 мың. 280 теңге айыппұл және өмір бойы мемлекеттiк қызметті атқару құқығынан айыра отырып жаза тағайындалған.

  Мысалға, қыркүйек айынын басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюро Департаменті  Ақмола облысының ішкі қауіпсіздік басқармасымен біріге отырып ҚР ҚК 366 б. 2 т. бойынша Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары М. Жүсіпов салық кодексінің бұзушылықтары фактісі бойынша әкімшілік жазалар қолданбау үшін  ЖШС – нің директоры 300 000 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. ЖШС – нің директоры қарсы пара беру фактісі бойынша ҚР ҚК 367 б. 2 т. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    «Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан орын алған барлық  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 25-62-84 сенім телефоны бойынша ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінулерінізді сұраймыз» - деп Әсет Таниев еске салды.

Өткізілген іс-шара барысында брифинг қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.