
Қыркүйек айының екінші жексенбісі күні елімізде Отбасы күні аталады. Отбасы әлеуметтік институттардың ішінде, сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасу үрдісінде маңызды орын алады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспармен айқындалған «Отбасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында отбасы күнінің қарсаңында қызметкерлердің туысқандарына арналған «ашық есік» күні өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің жұмысымен олардың отбасы мүшелерін таныстырып, жанұя қолдауының мемлекеттік қызметші үшін маңыздылығын ашу болып табылады.
Үйымдастыру бөлімінің басшысы Айнұр Жақсыбаева мемлекеттік кірістер органдарының құрылу тарихын, негізгі міндеттерін, қызмет функцияларын, жұмыс көрсеткіштері туралы атап өтті.
Ағымдағы жылдың 8 айының қортындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 106 млрд. 208 млн. теңге түсті.
Бұл сандық көрсеткіштердің артында қызметкерлердің тынымсыз еңбегі тұр.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы бейнефильм көрсетіліп және арнайы дайындалған кітапшалар табыс етілді.
Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина қонақтарды мұражай экспонаттармен таныстырды.
Балалар үлкен қызығушылықпен «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекетімен және Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысымен танысты.
Құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің басшысы Мариям Кусаинова Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында мемлекеттік қызметтер қалай жүзеге асырылатының балаларға көрсетті.
Балалардың айтуынша оларға экскурсия өте ұнады болашақта олар мемлекеттік кірістер органдарының кәсібін таңдап отанымыздың экономикалық мүддесін қорғаушы болады деп тілек білдіреміз.