
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптарының өзгеруі бөлігінде Салық кодексінің ережелері күшіне енеді.
Осылай, Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану құқығы сақталатын шектелген қызмет түрлерінің тізбесі (32 қызмет түрі) енгізіледі.
Рұқсат етілген тізбеге кірмеген қызмет түрлерін атқаратын салық төлеушілерге көрсетілген салық салу режимдерінің біреуіне ауысу қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртібі.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Сылақ жұмыстарын; ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу және шынылау жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотография саласындағы қызметті; аударма (ауызша және жазбаша) ісін; мүліктік жалдауға (жалға) беруді;көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді; басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; қосалқы білім беру қызметтерін; өнер саласындағы қызметті; компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді; ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді; үй жануарларын бағу қызмет түрлері.