Жарияланған күні: 01.03.2016 11:06
Өзгертілген күні: 01.03.2016 11:07

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің  мүлікті және ақшаны жария ету бойынша түсіндірме семинарлары белсенді  жалғасуда. Кезекті семинар облысымыздың Білім басқармасында өткізілді. Тындаушылардың  назарына «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына еңгізілген кейбір өзгертулер мен толықтырулар бойынша өзектегі сауалдарға  тиісті жауаптар беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ельнар Қазбековтың айтуынша – «Мүлікті жария ету жалпы декларациялау алдындағы шара, ал бұл дегеніміз мүлікті жария етудің тиімділігін пайдалану, яғни көлеңкедегі ақша мен жылжымайтын мүлікті заңдық айналымға салу. - Осыған орай, барлық азаматтарды мүлікті жария етуге жататын мүлік пен ақшалай қаражаттарды жария ету акциясына белсенді қатысуға шақырамыз».

Сонымен қоса, шара барысында мемлекеттік қызметшілерге жеке табыс салығы мен мүлік бойынша 230.00 нысан  салықтық есебін дұрыс толтыру көрсетіліп, қойылған сауалдарға жауап берілді.