Жарияланған күні: 27.09.2019 14:35
Өзгертілген күні: 27.09.2019 14:42

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау жергілікті басқару ұйымдары тарапынан басты назарға алынып, осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажеттігі міндеттелген болатын. Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы Президент Жолдауын жан-жақты талдау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Жолдауда кіші және шағын бизнес саласындағы кәсіп иелеріне қолдау көрсету жергілікті атқарушы билік орындарына жүктелгені белгілі. Осыған орай, отырыста шағын және орта кәсіппен айналысатын тұлғаларға жасалынатын көмек көздері түсіндірілді.  

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылғандай, екі үлкен біздің мемлекеттік органға белгіленіп отырған тапсырма, бұл – ең алдымен, шағын және микробизнестегі салық төлеушілерді табыстарынан салынатын салықтан босату, бұл – біріншіден, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы және әлеуметтік салық – деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Мұратбек Мусин өз сөзінде.

Жиын барысында аймақтағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы өңірлік бағдарламалардың басты бағыт-бағдары сараланды. Ірі аграрлық аймақтардың бірі саналатын Ақмола облысында қазір ауыл шаруашылығы кәсібінің жанданып тұрған кезеңі.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысында Президент Жолдауының «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» тарауында тілге тиек етілген сапалы білім беру, цифрлы технологияларды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Бейнесюжеттың толық нұсқасын https://kokshetautv.kz/kz/news/society/prezident-zholdauy-belsendiliktin-zhana-belesteri сілтемесі бойынша көре аласыз.