Жарияланған күні: 15.01.2025 18:35
Өзгертілген күні: 15.01.2025 18:36
        Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының  «Pro ​​Bono волонтерлік» бағытында,  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалының Көкшетау қаласы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының «кеңес беру алаңында»  мемлекеттік органдар өкілдерінің сонымен қатар адвокаттардың, жеке сот орындаушылар мен нотариустардың қатысуымен азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

        Қабылдау барысында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, банк шоттарын бұғаттау және оны ашу, көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша және  басқа да сұрақтарға  құзыретті жауаптар берілді.