
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде
Әдеп жөніндегі уәкіл Батырхан Кәрімов Көкшетау қалалық Полиция басқармасының криминалдық полицияның қызметкерлермен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.
“Алаяқтық” ұғымы сан түрлі саладағы көптеген заңсыз іс-әрекеттерді қамтиды. Оның ішінде банк саласы бойынша несие, жылжымайтын мүлік, ақшамен жасалатын алаяқтық. Қазіргі таңда алаяқтық жасаудың жолдары күн сайын артып келеді. Басты себебінің бірі – заманауи технологиялардың дамуы: әлеуметтік желі, ұялы байланыс, онлайн-шопинг және банкинг. Сонымен қатар, алаяқтықтың дәстүрлі тәсілдері де азаяр емес.
Профилактикалық әңгіме барысында интернет-алаяқтықтың алдын алудың негізгі шаралары түсіндірілді. Қызметкерлерге алаяқтық әрекеттерге тап болған кезде егжей-тегжейлі әрекет алгоритмі таныстырылды.