Жарияланған күні: 08.11.2023 18:01
Өзгертілген күні: 08.11.2023 18:03
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында есепшілер мен салық кеңесшілерінің
қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің бөлім басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылдың қолданысқа енгізілген платформа арқылы жұмысқа қамтуында, тауарлардың электронды саудасында өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар шара барысында бөлшек сауда салығы арнайы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және слайдтар көрсетілді.
 Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.
Іс-шараны қорытындылай келе, салық консультанттарын қызықтыратын тақырыптар мен сұрақтарды бере отырып, әр айдың бірінші онкүндігінде тұрақты түрде семинарлар өткізу туралы шешім қабылданды.
Салық кеңесшісі және кәсіби бухгалтер Вероника Субач  атап өткендей, мұндай кездесулер өте пайдалы, өйткені салық заңнамасында көптеген жаңалықтар бар және қойылған сұрақтарға бірден жауап алуға болады.