Жарияланған күні: 31.12.2021 16:59
Өзгертілген күні: 31.12.2021 16:49

     36 жылдан астам салық қызметінде Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Ғұмарова жұмыс атқаруда.

Өңірдің салық қызметін қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін, оның еңбегі облыс басшылығымен атап өтілді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін оның еңбегі бірнеше рет Қаржы министрлігі орталық аппаратының, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен, «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сәуле Имантайқызы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100  жыл» төсбелгісімен

марапатталды.