
Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар!
"Салық әмиян" қызметін пайдаланыңыз!
Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға 25.12.2019 жылдан бастап салық әмиянының функционалы тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін жеткізеді. ESalyq МКК порталының мобильдік қосымшасындағы салық әмиянының сервисі App Store және Play Market жарияланған.
Салық әмиянының сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, eSalyq қосымшасында немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет СМС-код бойынша тіркелу қажет. Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қатынау коды және биометрия (face, TouchID) бойынша кіруді реттеуге болады.
Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.
Мәліметтер базасын жаңарту нәтижесінде мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай төлеммен ЖТС-ғы бойынша алдағы төлемдер қызметі іске қосылды (алдағы төлемдер қызметі МКК (kgd.gov.kz) порталының платформаларында жұмыс істейді, оның ішінде 20.09.2019 жылдан мобильді нұсқасында, 16.07.2019 жылдан (eGov.kz) «электрондық Үкімет» порталында, 09.09.2019 жылдан «Kaspi bank» (Кaspi.kz) АҚ, 18.11.2019 жылдан (Homebank) «Қазақстан халық банкі» АҚ);
Салық әмиянын толтыру автоматты түрде келесі реквизиттерге жүргізіледі:
Бенефициардың атауы: "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті" ММ»
Бенефициардың БСН: 141040004756
Бенефициар банкінің атауы: "ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті" ММ»
Банктің БСК: KKMFKZ2A
Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000
БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері»
ТБК: 911 " Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»
Салық міндеттемесі туындаған салық есебіне Салық әмиянынан ақшаны есептен шығару туралы хабарлама сервисте автоматты түрде көрсетіледі. Барлық жүргізілген операциялардың тарихын "Төлем және толықтыру тарихы" қойындысында тексеруге болады. Салық әмиянынан сомаларды қайтару қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде egov.kz немесе web-қосымша "салық төлеушінің кабинеті" арқылы жүргізіледі.