
Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен бірлесіп 14 ақпанында Алматы қаласында «Салықтық және кедендік әкімшілендіру сұрақтары» тақырыбы бойынша Конференцияны өткізеді.
Конференцияның жұмысына Жоғарғы Сот, мамандандырылған сот алқасының мүшелері, Ұлттық экономика министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, қалалық пен облыстық соттардың судьялары, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттердің басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері және салық төлеушілер қатысады.
Конференция аясында камералдық бақылау кезінде салық заңнамасы жөніндегі нормаларын қолдану, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылаудың ерекшеліктер мен тәртібі және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.