Жарияланған күні: 15.07.2016 12:39
Өзгертілген күні: 15.07.2016 12:41

Лицензиялық алым төлеу мерзiмi жақындап келеді

   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті келесіні ескертеді. 2016 жылғы 20 шілдедегі жыл сайынғы лицензиялық алымның төлеу мерзiмiнің алкоголь өнімін көтерме және бөлшек сату, сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған барлық салық төлеушiлерге жақындап келетінін хабарлайды. Жыл сайынғы лицензиялық алым қызметінің әрбір объекті үшін төленеді.

  Жыл сайынғы лицензиялық алымды мерзімінде және мөлшерде   төлемеген жағдайда ҚР  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 282 бабына сәйкес 150-ден 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,  лицензияның қолданылуын алты айға тоқтатылуға әкеліп соқтырады.

 

Ақмола облысы бойынша МКД