Жарияланған күні: 06.10.2025 18:07
Өзгертілген күні: 06.10.2025 18:08

Құрметті салық төлеуші!

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының                                13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік бажды төлеуден азаматтардың келесі санаттары босатылады:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  4. КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар:

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

  1. Мүгедектігі бар адамдар;
  2. Бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі

 Азаматтардың осы санаттары соттарға берілетін құжаттар мен барлық істер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

 Білу маңызды:

Егер Сіз мемлекеттік бажды төлеген болсаңыз, бірақ босатылу құқығына ие болсаңыз, онда ол соманы қайтара аласыз.

Қайтару мерзімі - сомасы төленген күннен бастап 3 жыл (Салық кодексінің 108-бабының 6 –тармағы негізінде).