Жарияланған күні: 10.06.2022 18:14
Өзгертілген күні: 10.06.2022 21:30

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн», - делінген.

Әлем күн сайын өзгеруде. Жеке қаржыны дұрыс басқару үшін тиісті білім қажет, ал оны мектеп табалдырығынан алған жөн.

Салық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру салықтарға саналы және жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салықтық туралы сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өткізді, оның барысында олар салықты не үшін төлеуге міндетті және олар қайда жұмсалатынын, салықтың қандай түрлері бар, смартфон арқылы салықты қалай төлеуге болатынын, фискалдық чек дегеніміз не және оны неге талап ету керек екенін түсіндірді.
Балаларға чек олардың тауарға деген құқықтарын куәландыратын, мәміле жасау фактісін дәлелдейтін маңызды құқықтық құжат болып табылатынын, оның көмегімен тауарды немесе қызметті сатып алу фактісін дәлелдеуге, қызмет көрсетілгенін растауға, кепілдік қызметіне жүгінуге болатынын, ақауы бар тауарды ауыстыруға мүмкіндік беретіні түсіндірілді.
   Фискалдық чектің болуы сатушының адалдығына және сатып алушының құқықтарының сақталуына кепілдік береді. Бірақ бәрі бірдей оны талап етіп жатқан жоқ.
       Кездесу барсында Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу, не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталғаны туралы хабарлады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) сатып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер таратылды.