Жарияланған күні: 05.04.2022 10:19
Өзгертілген күні: 05.04.2022 10:20

Көкшетауда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтті, онда салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының м.а. Әсем Шәкірова мемлекеттік кірістер органдары әкімшілендіруді жетілдіру, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін оңайлату тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленді.

Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге  салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы.

«E-Salyq Business» кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, қосымша кәсіпкер чектерден кіріс негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептейді. Мобильді қосымшаны пайдаланатын кәсіпкер БKM пайдаланбауға құқығы бар.
 Сонымен қатар, жаңа салық режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін тапсырудан босатылады.
Пилоттық жобаға тек жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және патент пен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар ғана қатыса алады.
 Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап штрих-код (QR-код) түріндегі  тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған «Салық төлеушінің төлқұжаты» енгізілді  - бұл туралы мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов мәлімдеді.
 Салық төлеушінің төлқұжаты салық құпиясын ашпайды.

Салық төлеушілердің (қоғамдық тамақтандыру және сауда саласы) міндеті - қалыптастырылған паспортты бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан орындарында, халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде басып шығару және орналастыру болып табылады.

Олар штрих-кодты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің – kgd.gov.kz мекенжайы бойынша веб-порталы арқылы алады.
Одан кейін жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Жасұлан Тілеулин кәсіпкерлерді ақпаратпен таныстырды.
 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші ​​ретінде есепке қоюдың шекті шегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшері – 30 000-нан 20 000-ға дейін төмендетілді.
Осыған байланысты салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ​​ретінде уақтылы тіркелуі қажет.

Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі.

Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.