
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департменті аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп көлік салығы бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөлік иелерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар өткізді.
Тек бір күннің қорытындысы бойынша 49 салық төлеушіге 1 млн. 637 мың теңге сомасында көлік салығы бойынша берешек өтелді.
Сонымен қатар, жүргізушілер, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі қарызын өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған.
Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «Каспи Банк», «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.