
Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті болып салықтардың және кедеңдік төлемдерді төлеудің толықтығы мен уақытылылығы болып табылады.
ҚР Конституциясының 35 бабына сәйкес заңды түрде бекітілген салықтарды, алымдарды және өзге де төлемдерді төлеу әрбір азаматтың міндеті.
Бүгінгі таңда 2020 жылдың кезеңінде Ақмола облысы бойынша көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 17 мың 755 жеке тұлға бойынша 508,1 млн.теңгені құрайды.
Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты көлік құралдары салығын төлеудің 2020 жылға арналған мерзімі 2021 жылдың 01 сәуіріне дейін ұзартылды.
Көлік салығын төлеушілер болып меншік құқығында көлігі бар жеке тұлғалар болып табылады. Егер жеке тұлға көлікті сенімхат арқылы жүргізетін болса, онда салық көлік иесінің ЖСН төленеді.
Салық тұрғылықты жері бойынша төленеді.
Егер Сізде жеңілдік болатын болса, онда берешекті жою үшін дәлелдейтін құжаттармен жергілікті МКБ келулерініз қажет.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарды анықтау мақсатында жедел алдың алу шараларын өткізуде.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында есептеуге және "Е-салық Азамат" және Каспий банктің мобильді қосымшаларында төлеуге болады.
Құрметті салық төлеушілер, көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын төлемей, сіз қарызыңызды арттырасыз, өйткені әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.
Сонымен қатар, 01.10.2021 жыл мерзімі бойынша 2020 жыл кезеңінде жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша есептеулер жүргізілді.
Осыған байланысты, барлық жеке тұлғалардан көлік құралдары мен мүлік салығы бойынша берешегін төлеуді сұраймыз.