Жарияланған күні: 05.06.2024 15:40
Өзгертілген күні: 05.06.2024 15:41

2024 жылы мемлекеттік кірістер органдарының «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘИЖ) жаңа ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарлануда.

СӘИЖ қолданыстағы 7 жүйенің: БСАЖ, ОБДШ, Акциз, СЕӨЖ, СТК, Портал, ИШ функционалын алмастырады.

СӘИЖ-ді әзірлеу кезінде қазіргі заманғы технологиялық стек, сондай-ақ ашық бастапқы кодымен БҚ (open-source шешімі) қолданылды.

СӘИЖ жоғары жүктемелі және масштабты АЖ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін микросервистік архитектурада құрылған.

СӘИЖ-ді іске қосу салық төлеушілерге неғұрлым сапалы қызмет көрсетуге, электрондық өзара іс-қимылды неғұрлым сапалы деңгейде ұйымдастыруға, сондай-ақ жекелеген әкімшілендіру процестерін оңайлатуға және автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Уақыт бірлігінде жүйенің қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, яғни Салық төлеушінің кабинетіне бір уақытта 250 мыңнан астам пайдаланушы кіре алады.

Әкімшілендірудің бизнес-процестерін оңтайландыру, сондай-ақ қызметкерлердің құжаттарды өңдеу процестеріне қатысуын азайту, ШОТӨ-ны кері қайтарып алу, салық төлеуші оны орындаған кезде хабарламалардың мәртебесін автоматты түрде өзгерту сияқты процестерді жеделдетеді.

Бұдан басқа, СТК-да хабарламаларға, оның ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жауаптарды электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі іске асырылды. Сондай-ақ, СТК-да хабарламаның мәртебесін қадағалауға болады.

СӘИЖ-де заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық процесі толық автоматтандырылған, бұл әкімшілермен және конкурстық басқарушылармен электрондық түрде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сыртқы жүйелер үшін ашық API ұсыну – бұл мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету моделіне қадамы. Сервистер тізбесі үнемі кеңейтіліп отырады.

Жоғарыда көрсетілген барлық тиімділіктер СТ-ның МКО-мен электронды өзара іс-әрекеттінің қанағаттануының артуына әкеледі.

СӘИЖ-ді іске қосу мүдделі салық төлеушілерді тарта отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, СӘБЖ толық іске қосу 2024 жылдың соңына жоспарланған.