Жарияланған күні: 25.06.2020 11:05
Өзгертілген күні: 25.06.2020 11:06

Салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) келесіні хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 51 - бабының 5 – тармағында салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді Салық кодексі 50 - бабына сәйкес осындай шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдауды қарастырылған.
Сонымен бірге, 2020 жылғы 10-11 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңестерде айтылған бизнес ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру жедел қарауды және беруді қарастырылған.
Осыған байланысты, Комитет салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімі салық төлеушінің тиісті өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.