Жарияланған күні: 23.09.2020 10:22
Өзгертілген күні: 23.09.2020 10:24

Қазақстан Республикасының тұрғындары салықтық рақымшылықты қолдана алады!Бұған жер, мүлік немесе көлік қарызы бар адамдар жатады.

-Заңда негізгі қарызды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған. Салық кезеңі ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін мүлік, жер және көлік салығына қатысты - деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық берешекпен жұмыс басқармасы бөлімінің басшысы Тобыл Демесинов.
Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.

Бүгінгі таңда 3477 жеке тұлға бойынша 7,6 млн.теңге сомасындағы өсімақы есептен шығарылды, бұл ретте 45,6 млн.теңге сомасындағы негізгі қарыз бойынша түсті.

Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына келудің қажеті жоқ, - деп хабарлады департаменттен. Өсімақылар, негізгі борыш сомасын өтеген кезде автоматты түрде есептен шығарылады. Белгілі болғандай, 2019 жылдың жер және мүлік бойынша салығы – төлем 2020 жылдың 1 қазанға дейін төленеді. 2020 жылдың көлік бойынша салығы - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Құрметті қазақстандықтар  салықтық рақымшылықты пайдаланып үлгеріңіз!