Жарияланған күні: 12.09.2019 18:03
Өзгертілген күні: 12.09.2019 18:04

Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.

Сонымен қатар, Қазақстан Респбликасы  Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетімен салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді.

Салықтық рақымшылықтың келесі салық төлеушілердің санаттарына қолдануды көздейтін толықтырулар енгізілді.

Салық төлеушілердің бірінші және екінші санаттары бойынша, салықтық рақымшылық жасауға енді оларға қатысты салықтық тексерулер жүргізілген тұлғалар жатады, алайда, бұл салық төлеушілер салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама бойынша төлеу мерзімдері басталмағанына немесе салық төлеуші тексеру нәтижелеріне шағым жасауына байланысты 2018 жылдың 1 қазанына салық берешегі болған жоқ.

Салықтық рақымшылық жасауға жататын салық төлеушілердің үшінші санаты - 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңдер үшін салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсынған және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өсімпұл сомасын төлемеген салық төлеушілер.

Осылайша, салық төлеуші ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша салық есептілігінің нысанында есептелген сомаларды төлеген жағдайда,  мұндай салық төлеуші салықтық рақымшылықты пайдалануға құқысы бар.

Қазіргі уақытта сонғы өзгерістер күшіне енгеннен кейін бір салық төлеушінің 89 мың теңге өсімпұлы есептен шығарылды – дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Ақмарал Мейірманова – жалпы облыс бойынша рақымшылықпен  пайдаланған 1362 шағын және орта бизнес субъектілер. Нәтижелері бойынша  54 млн теңге  өсімпұл есептен шығарылды.

      Құрметті шағын және орта бизнес өкілдері, осы жылдың соңына дейін жалғасатын салықтық рақымшылықты пайдаланыңыз.