
Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді.
Қазіргі уақытта сонғы өзгерістер күшіне енгеннен кейін 53 салық төлеушілерінің 17,5 млн. теңге өсімпұлы есептен шығарылды,
Жалпы облыс бойынша рақымшылықпен пайдаланған шағын және орта бизнес субъектілер бойынша 56,8 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды және 262 млн. 160 мың теңге негізгі борыш сомасында өтелді.
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық басталды.
Оның шарты осындай егер, борышкерлер негізгі борышты өтеген жағдайда, олардың есептелген барлық өсімпұлдар есептен алынады.
Ағымдағы жылғы 1 қарашаға 27 мың 558 салық төлеушілердің 57,5 млн. теңге өсімпұлы есептен алынды
Құрметті шағын және орта бизнес өкілдері, азаматтар осы жылдың соңына дейін жалғасатын салықтық рақымшылықты пайдаланыңыз.