
Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша «Salyq кэшбэк» пилоттық жобаны 15.08.2024 жылдан 31.12.2024 жылға дейінгі кезеңде іске асыруда.
Бірінші кезеңде пилоттық жоба Абай облысы Семей қаласы мен Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтарында іске асырылуда.
Ақкөл ауданында «Вайпоинг» ЖШС операторы арқылы микро және шағын бизнестің сканерленген чектері бойынша сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк.
«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасына кез келген адам қатыса алады.
Осы жоба шеңберінде сатып алушы жеке тұлға қолма-қол ақшасыз және/немесе қолма-қол ақшамен төлеген кезде және фискалдық чекті алған кезде арнайы мобильді қосымшадағы штрих-кодты сканерлейді және мобильді қосымшадағы дербес шотқа сатып алу сомасының 2% мөлшерінде «Salyq кэшбэк» сыйақыларын алады.
«Wipon Cashback» (Ақкөл ауданы) қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеп алуға болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес субъектілерінің БКМ қолдануда және әрбір сатып алушыға чек беруде белсенді азаматтық ұстаным танытуға, сол арқылы мемлекетті қолдауға өз үлесін қосуға және өзінің тұтыну құқықтарын қорғауға сенімді болуға шақырады.