Жарияланған күні: 23.04.2025 12:37
Өзгертілген күні: 23.04.2025 12:38

 

   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент қызметкерлер үшін  МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры Денис Кабдуллиннің және азаматтық және әкімшілік салалардағы бөлімінің аға прокуроры Евгения Дизендорфтың қатысуымен семинар өтті.
Семинардың тақырыбы «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде әкімшілік іс өндірісті планшеттер мен стилустарды қолдануымен
 электронды түрде жүргізу».

Шара барысында азаматтық және әкімшілік істер бөлімінің аға прокуроры Евгения Дизендорф  әкімшілік материалдарды электронды түрде жүргізу талаптарын және құқық бұзушының хаттамалар мен шешімдерге қашықтықтан қол қою ерекшеліктерін назарға алды.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокурор Денис Қабдуллин ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беруге жол бермейтінін ескертті.

Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.