Жарияланған күні: 02.02.2018 09:55
Өзгертілген күні: 02.02.2018 09:56

     Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің түсіндіру нормалары тақырыбына Атбасар қаласында семинар өткізілді. Семинар барысында 120 салықтөлеуші қатысты. Ақмола облысы бойынша Атбасар ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлері, заңды тұлғалардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және БАҚ өкілдері болды. Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Биржан Усембаев кіріспе сөз сөйледі.

Күн тәртібінде арнайы салық режимдерін жетілдіру, фискалдық жады бар бақылау - касса машиналарын және төлем жүйелерін қолдану,  4- ші деңгейдегі бюджет сұрақтары, үлбір бұйымдарды таңбалау, міндеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), жекелеген қызмет түрлері бойынша, ЭШФ тіркеумен шығару, салықтық әкімшілендіру бойынша сұрақтар, рұқсат беру құжаттарын пайдаланғаны үшін алымдар, лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары, қоршаған ортаға эмиссия ставкаларын арттыру туралы сұрақтар қамтылған.

Арнайы салық режимдерге қатысты сұрақтар, резидент еместерге төленетін салық төлемдер бойынша, 2017 жылда патент АСР қолданыдатын жеке кәсіпкерлермен 2018 жылда міндеттемелері жоқ жөніндегі төлемдердің аударылған әлеуметтік салық сомасын және МӘМС қайтару сынақ тәртібі бұдан әрі талқыланды.