Жарияланған күні: 26.05.2020 15:08
Өзгертілген күні: 26.05.2020 15:11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/services/search_benefic сілтемесі бойынша, Сіз жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілердің тізімімен таныса аласыз.

Әңгіме ТЖ кезеңінде қабылданған салық салу мәселелері бойынша "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру шеңберінде берілген жеңілдіктер туралы болып отыр.

Бұл тізімді Мемлекеттік кірістер комитеті күн сайын жаңартып отырады.

Егер Сіз жеңілдіктерге құқығыңыз бар деп ойласаңыз, бірақ, Сіз көрсетілген тізімде жоқ болсаңыз, тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласыңыз.