Жарияланған күні: 09.08.2024 18:41
Өзгертілген күні: 09.08.2024 18:42

СӘИЖ жаңа ақпараттық жүйесі туралы

Құрметті салық төлеушілер!
 
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін (CӘИЖ) әзірледі. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен функционалды, оның ішінде СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетін іске қосу жүргізілуде.

 Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (Акциз АЖ) өшірілгенін хабарлаймыз.

2024 жылғы 5 тамызынан бастап бұрын акциздік ақпарат жүйесіне ұсынылған акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын) өндіру мен айналымы туралы декларацияларды ұсыну СӘИЖ-нің салық төлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

СӘИЖ жаңа салық төлеуші кабинетінде тіркелу үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту керек. СӘИЖ салық төлеуші кабинетінде тіркелу және жұмыс істеу нұсқаулары біздің YouTube арнамызда орналастырылады.

СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, телеграмм чат https://t.me/axcise111 немесе 8 (7172) 73 55 11 және +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.