
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студентерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Әсем Шәкірова
және адам ресурс басқармасының қызметкерлері Жәмилә Меңдібаева мен Валентина Еремина қатысты.
Департамент қызметкерлері жастарға мемлекеттік қызметке орналасу ережелерін, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасы, сондай-ақ
мемлекеттік кірістер органдарының міндеттері туралы мәлімет жеткізді.
Кездесу барысында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері көптеген пайдалы ақпараттар алды.