
Қазіргі таңда Ақмола облысының банкроттық басқарушылардың банкроттық іс тәжрибесінде кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тарту ,сонымен бірге құрылтайшы есепшілерді кредиторлар алдында келтiрiлген ынтымақтастық залал соммасын субсидиарлық жауапкершілік түрінде өндіріп алу тәжрибесі бар.
Осы ереже 2014 жылдың 26 наурызында заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурызындағы № 176-V ЗРК «Оңалту және банкроттық» туралы жаңа Заңымен реттеледі.
ҚР Азаматтық кодексінде біріккен жауапкершілікке жауапты болып айқындалған толық көлемде кредиторлардың талабын қанағаттандыруға мүмкін емес немесе егер негізгі борышкер бас тартқан жағдайда зәбірленуші алдында қосымша борышкер болып есептеледі.
Борышкердің лауазымды тұлғалардың құқықтық мідетті осы Заңда көзделген 11 баптың 2 тармағында 1-6 тармақшаларында көрсетілген:мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге,әкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оңалтуды басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде – материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына оның қол жеткізуін қамтамасыз етуге.
Сондай-ақ, «Оңалту және банкроттық» туралы Заңның 6-бапында әдейі және жалған банкроттық үшін борышкердің құрылтайшылары мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі көрсетілген.
Осылайша, «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес субсидиарлық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қажет, дәрменсіз борышкердің барлық кредиторлары, меншік иелері, көбінесе борышкерлер жақындап келе жатқан төлем қабілетсіздігін сезіп, әдейі болашақта олардың сатудан болдырмау мақсатында өз активтерін шығарады.
ҚР«Оңалту және банкроттық» туралы Заңының 6 және11баптарына сәйкес жеке мүлкін сатып алу құқығынан айырылу банкроттық іс шеңберінде ғана емес, сондай-ақ «Атқарушылық iс жүргiзу туралы» Заңына сәйкес тиесілі сот алқасына өтініш арқылы жүзеге асырылады .
Осылайша, серіктестерідің заң үстемділігінде аталған субсидиарлық жауапкершілігі анықталады.
Субсидиарлық жауапкершіліктің анықтамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 357 бабында көрсетілген,ал қарапайым сөзбен айтқанда субсидиарлық жауапкершілік ұғымы қарызын төлеуге ешқандай серіктестік немесе активтері жеткіліксіз, әріптестік қалған қарыз соммасын қатысушылардың жеке қаражаты есебінен қалпына келтіруі мүмкіндігін білдіреді.Серiктестiктің қатысушыларының іс-әрекеттері банкроттыққа әкелгені дәлелденген жағдайда ғана субсидиарлық жауапкершілікке тартылады.
Субсидиарлық жауапкершіліктен басқа жосықсыз қатысушыларды әкімшілік (182,183 баптары) және қылмыстық (238,239,240 баптары) жауапкершілікке тартуға мүмкін.
Сонымен, серіктістіктің қатысушысы (қатысушылар) серіктістіктің қарыздарын өз еркімен төлеуге келіспесе және субсидиарлық тәртібімен қарыздарды өндіріп алу үшін жоғарыда көрсетілген негіздері болған жағдайда, кредиторларға уақтылы тиісті өтінішімен сот органдарына жүгінуіне қажет.
.
Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы
Маржан Шапиева