Жарияланған күні: 13.09.2020 21:01
Өзгертілген күні: 13.09.2020 21:02

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына ZOOM арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов, департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылық құрамы қатысты.

Кеңесті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Шәйкенов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті, осыған байланысты Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін сақтау және арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан. Әмірханов өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі жұмыс сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуда мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге баса назар аударылғанын, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде парасаттылық, құқықтық мәдениет қағидаттарын қолдану туралы атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген іс-шаралардың, Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқа да маңызды бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.