Жарияланған күні: 10.08.2018 14:58
Өзгертілген күні: 10.08.2018 15:00

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қаупсіздіқ басқармасының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші Медиа орталық» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып  облыстық аймақтық мемлекеттік кірістер органдарында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы майдан бекеттерінің тұсауы кесілді.

Баннерде көрсетілген нөмір бойынша салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қатысушылар мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету деректері, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды бұзуы, барлық салаларда сыбайлас жемқорлық көрінісі, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттер туралы ақпарат жолдай алады

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде әкімшілік тосқауылдарды жою,  мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.