Жарияланған күні: 22.05.2018 16:18
Өзгертілген күні: 22.05.2018 16:20
     Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресуге бағытталған бірқатар іс-шараларды үнемі жүзеге асырады.
     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  еңбек өтілі 5 жылға жетпеген 17 жас қызметкерлер Ақмола облысының  түзету жүйесі департаментінің ЕЦ- 166/23 мекемесіне сапарымен барды.
Іс-шара барысында «Қылмыстың алдын алу» тақырыбында лекция өткізіліп, сондай-ақ режимдік мекеменің ғимараты бойынша экскурсия өткізілді.

Өткен жылдың қорытындылары бойынша  Ішкі қауіпсіздік басқармасымен 4 жала жабу әрекет аңықталды, теріс себептер бойынша 3 қызметкер жұмыстан шығарылды, біздің қызметкерлеріне байланысты 10 шағым қарастырылды, 30-дан астам қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу және алдын-алу, қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы жаңа мәдениетін тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті арттыру, жоғары моральдық-этикалық нормаларды тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» бойынша шаралар мемлекеттік кіріс органдарының қызметінде басымдық болып табылады.

Айта кету керек, көпшілік жағдайларда сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызмет көрсетуде көрініс табады.

        Қазіргі уақытта Департамент мемлекеттік салық қызметкерлерінің электронды салық және кеден қызметтерінің санын көбейту арқылы салық төлеушілермен байланыстарын барынша азайтуға тырысады. 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулердің жалпы саны 686 977 құрады, оның ішінде 594 716 немесе 86,5% электронды түрде берілді.

Мемлекеттік қызметінің стандарттары мен регламенттері әзірленді және бекітілді. Жылдан жылға электронды қызметінің аясы кеңеюде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметінің 29 түрі автоматтандырылған,  оларды «электрондық үкімет» порталы немесе ведомстволық портал арқылы алуға болады.

 Азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті   8 (7162) 25-62-84 «сенім» телефонының  тәулік бойы жұмысын ұйымдастырды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  деректері бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасына uvb.dgdakmola@gmail.com электрондық мекен жайына немесе WhatsApp мессенджері бойынша  - 8 778 792 40 98 телефон нөмеріне жіберуіңізді сұраймыз.

 

 

              Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ішкі қауіпсіздік басқармасы  басшысының міндетін атқарушы

Нұрым Сейтахметов